Сенаторлар Ө.Қожабаев пен Қ.Шаухаровты Жоғарғы соттың судьясы қызметіне тағайындау жөніндегі ұсынысты қолдады
АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Сенатының депутаттары жалпы отырыста Елбасының ұсынысы негізінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьялары Нұрғазы Әбдіқанов пен Ақжан Ештайды
басқа жұмысқа ауысуларына байланысты қызметтерінен босату жөнінде қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Сондай-ақ сенаторлар Өмірсерік Қожабаев пен Қалидолла Шаухаровты Жоғарғы соттың судьясы қызметіне тағайындау жөніндегі ұсынысты қолдады.