Сенаторлар Петропавл зауыттарын аралады
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламентi Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы Дариға Назарбаева бастаған комитет мүшелерi Солтүстiк Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімнің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бiрiншi күнi жоғарғы палатаның депутаттары Петропавлдағы iрi кәсiпорындарды аралады.
Киров атындағы зауытта Сенат депутаттарына механикалық цехтiң және жоғарғы монтаж учаскесiнiң жұмысы көрсетiлдi. «ЗИКСТО» зауытында жүк вагондары және арнайы өнiмнiң өндiрiсi жайында айтылды. ПАМЖ зауытында сенаторлар энергетикалық машина жасау цехiнiң жұмысымен танысты.