Сенаторлар сенбілікке шықты
АСТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының депутаттары мен палата Аппаратының қызметкерлері дәстүрлі жалпы қалалық сенбілікке қатысты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлайды.
Шара барысында Тұран көшесіне үйеңкі мен шегіршіннің жүздеген көшеті отырғызылды.