Сенаторлар шетелдік журналистерге Президенттің жыл сайынғы Жолдауының ережелерін түсіндірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының депутаттары Бірғаным Әйтімова, Георгий Ким және Сергей Громов «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын ақпараттық тұрғыда қолдау жөніндегі баспасөз туры аясында Қазақстанға келген шетелдік журналистермен кездесті.
None
None

Шараға Израиль, Қытай, Латвия, Мажарстан, Малайзия, Польша, Финляндия және Палестинадан келген журналистер қатысты.

Депутаттар кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, бірегейлік және қазақстандық қоғамның бірлігі, сондай-ақ есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға бағытталған Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан бес институттық реформа туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі. Сенаторлар бесінші шақырылымдағы Парламенттің бесінші сессияның басында депутаттар Ұлт жоспарын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге бағытталған заң жобаларын қарауға белсенді жұмыстар жүргізгенін атап өтті. Барлығы 59 заңнамалық акті қабылданды, оның ішінде 4 Конституциялық заң, 3 Кодекс, 14 дербес заң және қолданыстағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін 38 заң бар.

Жоғарғы палатаның депутаттары журналистердің сауалдарына жан-жақты жауап берді, сондай-ақ Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауының негізгі мәселелерін шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне түсіндірді.

Соңғы жаңалықтар