Сенаторлар Шығыс Қазақстан облысындағы шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Парламент Сенатының депутаттары Ольга Булавкина мен Шәкәрім Бұқтұғұтов Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенаторлар Шығыс Қазақстан облысындағы шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесті
Фото: senate.parlam.kz

Сенаторлар сапар барысында аудандық мәслихат депутаттарымен кездесуде өзекті мәселелерді талқылады және палата жұмысының қорытындысы туралы хабардар етті.

Сенаторлар аудандағы шаруа қожалықтарының басшыларымен де кездесті. Жүздесуде олардың сұрақтарын тыңдады және ауыл шаруашылығы саласы бойынша қаралып жатқан заң жобалары туралы айтып берді.

Депутаттар Шемонаиха ауданындағы кездесулерде көтерілген барлық проблемалық мәселені назарында ұстайтынын атап өтті.