Сенаторлар сумен жабдықтау және су бұру заңнамасына толықтыруларды бекітті

«Заң жобасының ережелері елді мекендердегі сумен жабдықтау мен су бұрудың дамуын құқықтық реттеуді жетілдіруге бағытталған», - деп атап өтті құжат бойынша баяндама жасаған сенатор Рашит Әкімов. Атап айтқанда, бұл ретте заң жобасымен мемлекеттік басқару органдарының сумен жабдықтау саласындағы өкілеттіктерін нақтылайтын нормалар енгізілді, су тұтынушылардың және сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі ұйымдардың құқықтары мен міндеттері регламенттелді. Рашит Әкімовтың сөзіне қарағанда, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту мен салуды ұзақ мерзімді және жеңілдікті бюджеттік кредиттеу, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың дамуын экономикалық ынталандыру ретінде субсидиялауды жүзеге асыру түріндегі мемлекеттік қолдау мәселелері реттелді.