Сенаторлар «Сыртқы барлау туралы» заң жобасы бойынша келісу комиссиясының ұсыныстарын қабылдады

АСТАНА. Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Сенаторлар жалпы отырыста «Сыртқы барлау туралы» Қазақстан Республикасының заңының жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен Сенаты арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісу комиссиясының ұсыныстарын қабылдады,

 Сенаторлар  «Сыртқы барлау туралы» заң жобасы бойынша   келісу комиссиясының ұсыныстарын қабылдады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенатор Бауыржан Мұхамеджановтың сөзіне қарағанда, Мәжіліс аталмыш құжат бойынша келісім комиссиясының қарауына 16 позиция ұсынды. Келісім комиссиясының отырысында 12 позиция бойынша шешім бірлескен түрде қабылданып, 4 позиция бойынша Сенаттың ұсынысы қабылданды.

Отырыста аталмыш позициялардың барлығын талқыға салған депутаттар оларды толықтай қабылдау қажет деп шешті.