Сенаторлар ҰҚШҰ ПА Тұрақты комиссияларының отырысына қатысты

ұқшқ
Фото: Сенат

АСТАНА. KAZINFORM - ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының тұрақты комиссияларының отырыстарына қатысты.

Андрей Лукин мен Алишер Сатвалдиев ҰҚШҰ-ның Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамында басқа елдерден келген әріптестерімен бірге маңызды күн тәртібін талқылады.

анон
Фото: Сенат

Сергей Ершов пен Геннадий Шиповских Қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі отырыста интернет кеңістігіндегі жұмысқа байланысты ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерге арналған ұсынымдар жобасын қарады.

анон
Фото: Сенат

Ал сенаторлар Әлібек Нәутиев пен Руслан Рүстемов Әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер жөніндегі комиссия отырысында көші-қон мәселесі туралы ұсынымдар жобасын дайындау бойынша жұмыстардың барысын талқылады.

анон
Фото: Сенат

 

Соңғы жаңалықтар