Сенаторлар заң жобасында терроризмге қарсы операцияға қатысатын адамдардың мүмкіндігін кеңейтті

АСТАНА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында  палата депутаттары «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда талқылады.
None
None

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасына Сенат тарапы өзгерістер енгізіп, құжатты кері қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Аталған заң жобасы 2007-2011 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы ережелерін орындау мақсатында әзірленген. Заң жобасы  бұрын террористік қылмыс жасаған адамдарға ескіру мерзімдерін қолдануға тыйым салуға, экстремистік немесе террористік ұйымның өз атауын өзгерту фактісін соттың анықтау тетігін бекітуге бағытталған. Сонымен бірге құжатта БАҚ-тарда терроризмге қарсы операциялардың техникалық тәсілдері мен тактикасын ашатын мәліметтерді таратуды шектеуге, лаңкестікке қарсы операцияның құқықтық тәртібін реттеуді жетілдіруге бағытталған шаралар көзделеді. Бұдан басқа, жобада қамтылған өзгертулердің бір парасы әлі болмаған террористік қауіптердің алдын алуға қатысты болып табылады.

Екінші оқылым барысында заң жобасына бірқатар өзгерістер жасалды. Мәселен, сенаторлар шетелдік немесе халықаралық ұйымды экстремистік немесе террористік деп тану туралы іс жүргізу шеңберінде соттың осындай ұйымдардың атауларын өзгерту фактісін анықтау тәртібін қарастыру шараларын ұсынды. Бұдан басқа, терроризмге қарсы операцияға қатысатын адамдардың мүмкіндіктерін негізсіз тарылтуды болдырмау мақсатында азаматтардың тұрғын үй-жайларына террористердің ізіне түскен кезде ғана кіруге болады деген қағиданы алып тастау қарастырылды. Бұл ретте заңнамаға сәйкес келтіру үшін егер ондай кіру адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіруі мүмкін болғанда, осы іс-қимылдың шарты ретінде жол берілетіндігін бекіту қамтылды. Сондай-ақ  жүргізілген іс-қимылдардың заңдылығын тексеру үшін тұрғын үйге кіру фактілері туралы хабарламаны 24 сағат ішінде прокурорға жіберу туралы норма толықтырылды.

Заң жобасы Парламент Мәжілісіне қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар