Сенаторлар жалпы қалалық сенбілікке қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Сенат депутаттары мен Палата Аппаратының қызметкерлері дәстүрлі жалпы қалалық сенбілікке қатысты.

Сенаторлар жалпы қалалық сенбілікке қатысты

Шара барысында сол жақ жағалауға жүзден астам қарағай, балқарағай және шетен көшеттері отырғызылды.