Сенаторлар жауынгерлердің жағдайына көңілдері толатынын білдірді

АСТАНА. Мамырдың 22-сі. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Аэроұтқыр әскерінің астаналық №68665 әскери бөлімшесінде болды,

Сенаторлар жауынгерлердің жағдайына көңілдері толатынын білдірді
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қонақтарды ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Болат Сембинов қарсы алды. Әскери бөлімшеде болған Парламент Сенаты депутаттарының басым бөлігі ? төрағасы Қуаныш Сұлтанов болып табылатын Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері. Сонымен қатар, қонақтар қатарында депутаттар Ғани Қасымов, Әбіш Кекілбаев, Әділ Ахметов және басқалар болды.Парламентшілер әскери бөлімшеде алдымен ҚР Қарулы Күштерінің авиация, бронды танк, автомобиль техникалары және зымырандық-артиллерия қарулары мұражайының экспонаттарымен танысты. Қонақтарға әскери техниканың, атыс қаруларының, заманауи жауынгер-десанттар жарақтарының эталондық үлгілері көрсетілді.Парламент Сенатының депутаты Ғани Қасымов қару-жарақ үлгілерін қарап, өзінің алған әсерін әріптестерімен бөлісті, байланыс құралдарына айрықша мән бере отырып, өзінің таңданысын жасырмады. «Біз бүгін көрген байланыс құралдары айрықша жоғары бағаға ие, ? деді Ғани Қасымов. ? Қараңыздаршы, Ирактағы әрбір американдық жауынгер сияқты құлаққаптармен жүр. Байланыс құралдары әрбір жауынгерде бар. Байланыс жүйесі жауынгерлердің тапсырманы шұғыл және дәл орындауына мүмкіндік береді. Ол сонымен қатар, жауынгер өмірін сақтау үшін де маңызды», ? деді сенатор.Генерал-лейтенант Болат Сембинов сенаторларға Иракта әскери қызметтен өткен офицерлермен таныстырды. Ирактағы коалициялық әскер құрамындағы соңғы ротациялық жасақтың құрамына енген майорлар Мадияр Уәлиев пен Талғат Нұралинов Отан қорғаушылар күні Президенттің қолынан 2-ші дәрежелі «Айбын» орденін алды. Сенаторлар осы офицерлермен танысу олар үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті.Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов әскери бөлімшеде болған сапарды қорытындылай келіп, мерзімді қызмет жауынгерлерінің, келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшілердің және офицерлердің қызметтен өтуі үшін бөлімшеде жасалған жағдайға сенаторлардың көңілдері толатынын атап айтты.