Сенаторлар Жолдау жүктеген міндеттер бойынша кәсіпкерлермен кездесті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - ҚР Сенатының депутаттары Мұрат Мұхаммедов пен Бекмырза Еламанов Қызылорда облысының кәсіпкерлерімен кездесті, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Сенаторлар Жолдау жүктеген міндеттер бойынша кәсіпкерлермен кездесті

Кездесуге  Қызылорда облысы Әділет департаментінің, аймақтық Кәсіпкерлер палатасы мен Заңгерлер одағының өкілдері сондай-ақ, өңір кәсіпкерлері қатысты.

Жиын барысында Сенат депутаттары Елбасының биылғы жылғы арнайы Үндеуі жайлы айтып, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы Жолдаудың басым бағыттарын түсіндіріп өтті.

Халық қалаулылары дамыған 30 елдің қатарына ену мақсатында мемлекеттік билік бұтақтары арасында өкілеттікті қайта бөлу мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ, қолданыстағы заңнамаларға енгізілетін өзгерістердің жобасын талқылау барысында  кәсіпкерлер өздерінің бірқатар ұсыныстарын білдірді.