Сенаторлар жыл басынан бері 170 сауал жолдаса, оның 130-ы Үкімет басшысына арналды

АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Сенаторлар жыл басынан бері 170-ке тарта депутаттық сауал жолдаса, оның 130-ы Үкімет басшысына арналды. Бүгін ағымдағы жыл ішінде Парламент Сенатының атқарған жұмыстарын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында Сенат аппаратының басшысы Мұрат Нұртілеуов осылай мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жыл басынан бері әртүрлі өзекті мәселелер бойынша Сенат депутаттары Үкімет басшысының, басқа да мемлекеттік орган басшыларының атына 170-ке тарта депутаттық сауал жолдады. Бұндай депутаттық сауалдардың басым бөлігі, атап айтқанда 170 сауалдың 130-ы ҚР Премьер-Министріне бағытталыпты», деді М. Нұртілеуов. 

Сонымен қатар, жоғары палата ағымдағы жылы Сенаттың дербес әрі ерекше қарауына жататын біршама мәселелер бойынша да шешім шығарған. Атап айтқанда, Сенаттың келісім беруімен ҚР Президенті ҚР Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын  тағайындады. Бұдан басқа, Мемлекет басшысының ұсынысы бойынша Парламент Сенаты ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасын, Жоғарғы Сот судьяларын сайлады.

«Жергілікті уәкілетті органмен арадағы жұмыстар да жемісті түрде жалғасуда. Бұл ретте Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарына көшпелі отырыстар ұйымдастырылды. Бұндай жиындарда негізінен мәслихаттардағы депутаттық өкілеттіктердің жүзеге асырылу барысы туралы мәселелер талқыланды», деді М. Нұртілеуов.  

Соңғы жаңалықтар