Сенаторлардың Мәдениет министрі М. Құл-Мұхаммедпен кездесуінде ауылдағы мәдениет нысандарын дамытуды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етудің мәселелері талқыланды

АСТАНА. Қыркүйекиің 22-сі. Қазақпарат - Бүгін Сенатта Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің басшысы Ақан Бижановтың төрағалық етуімен болған депутаттардың Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедпен кездесуінде ауылдағы мәдениет нысандарын дамытуды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етудің мәселелері талқыланды,
None
None

деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Кездесуді аша келіп А.Бижанов мәдениет саласын жан-жақты дамытуға арналған ұлттық «Мәдени мұра» стратегиялық жобасын жүзеге асыру мәселелеріне баса назар аударды.

Сенатор «қазіргі кезде мәдениетті дамытуға және классикалық және ұлттық өнердің үздік дәстүрлерін дамытуға және сақтауға, оның әлемдік мәдени кеңістікке кірігуіне барлық жағдай жасалған» деп атап өтті. Тек үстіміздегі жылы мәдениет ошақтарын жөндеу жұмыстарына 4 миллиард теңгеден астам бөлінді.

Қазіргі кезде мәдениетті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясат тиісті заңнамамен қамтамасыз етіліп отыр. Атап айтқанда, биылғы жылы «Мәдениет туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Саланың инфрақұрылымын, материалдық-техникалық базасын нығайту үшін, А.Бижановтың айтуынша, мәдениет саласындағы қызмет көрсетулермен ауыл халқын қамтамасыз етудің жүйесін күшейту қажет. «Бұл жұмыс Мәдениет министрлігінің ауқымды үйлестіру істерімен жүзеге асуы және жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында болуы тиіс»,-деп атап өтті сенатор.

Мәдениет министрі М.Құл-Мұхаммед Мемлекет басшысының бастамасымен дүниеге келген ұлттық «Мәдени мұра» стратегиялық жобасының жүзеге асқан екі кезеңінің негізгі қорытындылары туралы хабардар етті.

Кездесуде мәдениет саласын дамыту туралы егжей-тегжейлі айта келіп, М.Құл-Мұхаммед таяу арада шешілуі тиіс көкейкесті мәселелерді атап өтті. Талқылау барысында сөз алған депутаттар мәдениет саласындағы инфрақұрылымды одан әрі көркейту, ауылдық жерлердегі мәдени-демалыс ошақтарын қалпына келтіру және құрылысын салу жөніндегі жұмыстарды белсенділендіру жайында ойларын ортаға салды.

Кездесуді қорытындылай келіп, А.Бижанов айтылған пікірлер мен ұсыныстар «Мәдениет туралы» заңға түзетулер енгізуді қарастыратын заң жобасы бойынша алдағы жұмыстар барысында ескерілетінін айтты.

Соңғы жаңалықтар