Сенаторлыққа үміткер әйелдердің саяси белсенділігі жоғары - Берік Имашев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сенаторлыққа үміткер әйелдердің саяси белсенділігі жоғары. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сенаторлыққа үміткер әйелдердің саяси белсенділігі жоғары - Берік Имашев

«Әйелдердің саяси белсенділігі артып келе жатқандығын атап өткім келеді. Ұсынылған үміткерлердің 19-ы - әйел. Әйел үміткерлердің саны өткен сайлауда, яғни 2017 жылы – 13, 2014 жылы – 5, 2011 жылы 6 үміткер болған»,- деді Берік Имашев ОСК отырысы барысында.

Аумақтық сайлау комиссияларының мәліметінше, 2020 жылғы 13 маусым мен 12 шілде аралығында республика бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына 94 кандидат ұсынылған.