Сенатта ақпараттық желілер мәселелеріне байланысты заң жобасы жөніндегі ұсыныс-пікірлер тыңдалды

АСТАНА. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпей бастаған бір топ депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына байланысты еліміздегі бірқатар БАҚ және халықаралық ұйым өкілдерімен кездесті,

  Сенатта  ақпараттық  желілер  мәселелеріне байланысты  заң  жобасы  жөніндегі  ұсыныс-пікірлер тыңдалды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Кездесу барысында тараптар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқыға салды. Онда «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Калеева, «ЮрИнфо» компаниясының Бас директоры Игорь Лоскутов, «Зона kz» интернет басылымының Бас редакторы Юрий Мизинов заң жобасын қарау барысында ескерілуі тиіс бірқатар мәселелерді сөз етті. Заң жобасы бойынша өзінің ұстанымын Ақпараттандыру және байланыс агентігінің өкілдері де білдірді. Сенаторлар өз кезегінде кездесу барысында айтылған барлық ұсыныс-пікірлердің назарда болатындығын жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселесіне қатысты заң жобасы Парламент Сенатында қаралуда.