Сенатта бюджет жобасы талқыланады

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат -     Ертең бейсенбі, 15 наурыз күні ҚР Парламенті Сенатының кезекті отырысы  өтеді деп жоспарлануда.

Сенатта бюджет жобасы талқыланады

Күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012-2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы», «2012 - 2014  жылдарға  арналған  республикалық  бюджет туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары талқыланады деп күтілуде. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

Бұдан бөлек, палатаның жалпы отырысына Мәжіліс мақұлдаған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қызметіне қатысты бірқатар келісімдер де шығарылып отыр.

Сонымен қатар, сенаторлар Тауар таңбалары жөніндегі Сингапур шартын, сондай-ақ Қазақстан мен Үндістан арасындағы Азаматтық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы  шартты  талқылайтын болады.

Алматыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті
Ұқсас жаңалықтар

Президент жасанды интеллект саласындағы негізгі мемлекеттік жобаларға тоқталды