Сенатта бюро отырысы болды

АСТАНА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен болған бюро отырысында Парламент Мәжілісі мақұлдаған заң жобалары палата комитеттеріне бөлініп берілді,

Сенатта бюро отырысы болды
деп хабарлады ҚазАқпаратқа Сенаттың баспасөз қызметі. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетіне зерделеуге берілді.«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттерде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары Қаржы және бюджет комитетіне берілді. Ал Заңнама және құқықтық мәселелер комитетіне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел іздестіру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу мәселелері бойынша өзгеріс енгізу туралы» заң жобалары берілетін болды. «Қазақстан Республикасы мен Еуропа Қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Оңтүстік ? Батыс жол дәлізі жобасы («Батыс Еуропа ? Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі) ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 1 көлік дәлізі [Жамбыл облысындағы учаскелер] [«Батыс Еуропа ? Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі] Инвестициялық бағдарлама ? 1-жоба) ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша Экономикалық және өңірлік саясат комитеті негізгі комитет болып белгіленді.Бюрода палатаның 18 маусымда болатын кезекті жалпы отырысының күн тәртібін белгілеу туралы тұрақты комитеттердің ұсыныстары қаралды. Онда Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері қаралатын болды.Депутаттардың талқысына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақша төлемі мен аударымы, қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі, банк қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қарауға ұсынылатын болды. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызметшілердің жауапкершілігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жедел-іздестіру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары да бірінші оқылымда қаралатын болды.Одан басқа «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да жалпы отырыста қаралады.