Сенатта Елбасы Жолдауының рөлі мен маңызына қатысты мәселелер талқыланды

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен болған палата депутаттарының «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Дархан Қалетаевпен кездесуінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 6 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтқан Қазақстан халқына Жолдауының рөлі

Сенатта Елбасы Жолдауының рөлі мен маңызына қатысты мәселелер талқыланды
мен маңызына қатысты мәселелер талқыланды, деп хабарлады ҚазАқпаратқа Сенаттың баспасөз қызметінен.Кездесуді аша келіп Парламенттің жоғарғы палатасының басшысы Қ.Тоқаев қатысушыларға дағдарыс жалғасып отырған уақыттағы негізгі стратегиялық міндеттерді жүзеге асырудағы «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясының ерекше рөлін атап өтті.Жалпы халықтық міндеттерді шешуге қазақстандықтарды біріктіруге және жұмылдыруға ықпал ете алатын, жауапты және халықтық саяси ұйым ретіндегі партияны нығайту мәселелеріне қатысты Сенат төрағасы «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясының алдында тұрған бірқатар міндеттерді атап өтті.Партия бірінші кезекте шоғырландыруы тиіс жұмыс бағыты ретінде Қ.Тоқаев мамандарды жаңғыртуды белгіледі.- «Біз бүгінде өзгеріс мезгілін бастан өткеріп отырмыз, сондықтан осы жағдайда партия пікірсайысқа, нақты жұмыс пен іс-қимылды күтіп отырған халыққа партия саясатын түсіндіруге әзір болуға тиіс»; - «Партия қоғамның барлық сұраныстарына жедел жауап бере алатын жасампаздық күші бола отырып, ол Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген нақты тапсырмаларын орындау жүктелген атқарушы биліктің іс-қимылын бақылауға тиіс», - деді жоғарғы палатаның басшысы.Кездесу барысында Сенат төрағасының орынбасары М.Көпеев, депутаттар Ө.Байгелди, А.Башмаков, Б.Жылқышиев, Б.Досмамбетов, Е.Аман сөз сөйледі.