Сенатта Хакімжан Наурызбаевтың 100 жас мерейтойына қатысты ұсыныс айтылды

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Бибігүл Жексенбай Қазақстанның халық суретшісі Хакімжан Наурызбаевтың 100 жылдығын республикалық деңгейде атап өту мәселесін көтерді, деп хабарлайды Kazinform.

хакімжан наурызбаев
Фото: ашық дереккөзден

Сенатор Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында Хакімжан Наурызбаев тарихи ескерткіштер жасаумен қатар, бірқатар дарынды суретшілер қауымын тәрбиелеген ұлттық өнердің негізін қалаушы екенін атап өтті.

Депутат қазіргі халық суретшісінің еңбегі тек өңір деңгейінде ғана атап өтіліп жүргеніне тоқталды.

Сенатордың пайымынша, жағдайды түбегейлі өзгерту керек және суретшінің 2025 жылы өтетін 100 жылдығын республикалық деңгейде мерекелеу қажет.

«Хакімжан Наурызбаевтың 100 жылдығы аясында «Қазпошта» АҚ пошта маркаларын шығаруды қолға алу, жоғары оқу орындары студенттері мен арнаулы орта оқу орындарының оқушыларына Наурызбаев атындағы стипендия тағайындау орынды болады деп санаймын. Республикалық көркемсурет мектептерінің біріне суретшінің есімін беру, сондай-ақ елорда көшелерінің біріне атау берген жөн болар еді», – деді Бибігүл Жексенбай.