Сенатта қазақ-түрік әскерінің бірлескен жаттығуына қатысты заң жобасын қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы арнайы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қабылдаушы Тараптың қолдау көрсетуі туралы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Сенатта қазақ-түрік әскерінің бірлескен жаттығуына қатысты заң жобасын қаралды

Меморандум 2016 жылғы 20 қаңтарда Анкара қаласында жасалған.

Меморандумның мақсаты екі мемлекет қарулы күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің бірлескен оқу-жаттығуларды өткізуге байланысты мәселелерді реттеу, сондай-ақ тараптардың міндеттемелері мен жауапкершілігін айқындау болып табылады.

Меморандум аясында жіберуші тараптың техникасын, қаруы мен оқ-дәрілерін әкелу, ел ішінде алып жүру және әкету кезінде қабылдаушы Тараптың әуеайлақтарды, автомобиль және теміржолдарды беруін көздейді. Одан басқа, оқу-жаттығуларға қатысу кезеңінде жіберуші Тараптың сұрау салуы бойынша қабылдаушы тарап қаруды, материалдық құралдарды, жабдық пен оқ-дәрілерді өтеусіз негізде ұсынуы мүмкін.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.