Сенатта көші-қон саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері талқылануда

АСТАНА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатында «Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестері және көші-қон саласындағы заңнаманы жетілдіру перспективалары» тақырыбына арналған ғылыми-практикалық конференция өтуде.
None
None

«Әлемдік қауымдастықтың заманауи даму кезеңі белсенді көші-қон үдерістерімен сипатталады. Бұл үдеріс демографиялық жетіспеушіліктерді еңсеруде, қайсыбір мемлекеттердегі жұмыс күшінің жетіспеушілігінде, ал енді бірінде жұртшылықтың кедейлік деңгейін төмендетуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан да, көші-қон заңнамасын әлемдік тәжірибеге, көші-қон саласындағы уақыт туындатып эжатқан қатерлерге қарсы сәйкестеудің маңызы зор», деді жиынды ашып сөз сөйлеген Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ақан Бижанов.

Жиын барысында қатысушылар Елбасының тапсырмасына сәйкес, Парламенттің қарауына берілген «Көші-қон туралы» жаңа редакциядағы заң жобасының бағыттарын талқылап, осы саладағы заңнаманы жетілдіру перспективаларын ортаға салды.

Жиын қорытындысына орай арнайы ұсыныстар қабылданады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар