Сенатта «Қылмыстық істер бойынша өзара көмек туралы америкааралық конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында «Қылмыстық істер бойынша өзара көмек туралы америкааралық конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Конвенция 1992 жылғы 23 мамырда Нассауда қабылданған болатын.
None
None

Құжатқа сәйкес қатысушы мемлекеттер тергеп-тексеруде, қылмыстық қудалауда және сұрау салушы мемлекеттің көмек туралы сұрау салуы кезінде юрисдикциясы бар қылмыстарға жататын іс-әрекеттерде бір-біріне өзара көмек көрсетуге тиіс.

Қазақстан Республикасының Конвенцияға қосылуы Америка құрлықтарындағы елдермен қылмыстық істер бойынша өзара көмек көрсету мәселелерінде халықаралық-құқықтық базаны орнату арқылы қылмыспен күрестегі ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Конвенцияны Аргентина, Бразилия, Канада, Коста-Рика, Чили, Эквадор, Сальвадор, АҚШ, Гватемала, Мексика, Перу, Уругвай, Венесуэла және тағы басқа мемлекеттер ратификациялаған болатын. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар