Сенатта М.Көпеевтің қатысуымен әкімшілік әділетінің қалыптасу мәселелері тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болды
АСТАНА. Сәуірдің 12-сі. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатында палата төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеевтің қатысуымен «Қазақстан Республикасында әкімшілік әділетінің қалыптасу мәселелері» тақырыбына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болды.
Шараға Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінің басшысы Б.Имашев төрағалық етті, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Германияның техникалық ынтымақтастық жөніндегі қоғамының жәрдемімен ұйымдастырылған талқылауға Парламент депутаттары, еліміздің Конституциялық Кеңесінің Төрағасы И.Рогов, Жоғарғы Соттың, халықаралық заң қоғамдастығының, ғылыми орта мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Отырысты аша келіп М.Көпеев конференцияға қатысушыларға экономиканы табысты дамыту мен мемлекеттің сыртқы қатерлердегі орнықтылығын арттыру үшін ахуал қалыптастыратын құқықтық орта жасаудағы Президент Н.Назарбаевтың Жолдауында алға қойған міндеттер аясында осы мәселенің талқылануы маңызды екенін атап өтті.
«Ұлттық құқықтарды жетілдірудегі маңызды бағыттардың бірі әкімшілік реформаларды жүргізу, әкімшілік іс-жүргізу құқықтарының мүмкіндіктерін кеңейту»,-деді төраға орынбасары.
Әкімшілік іс жүргізу заңнамаларын реттеу мәселелеріне қатысты М.Көпеев «мемлекет пен азамат арасындағы жария құқықтық қатынастардан туындайтын құқық туралы дауларды шешетін әділет әкімшілігін жасау жұмыстарының өзектілігін» атап өтті.
Оның айтуынша, жеке адам мен мемлекет арасындағы дауларды сотпен шешудің жаңа үлгісін қалыптастыруға, әділет әкімшілігі саласын реттейтін нормативтік-құқықтық база жасауға Әкімшілік құқық бұзушылық және Әкімшілік іс жүргізу кодекстерінің жобалары бағытталып отыр.
«Қолданыстағы заңнамамен салыстырғанда бұл құжаттардағы әкімшілік құқықтардың реттеушілік әлеуеті елеулі түрде кеңейтетін болады»,-деп атап өтті төрағаның орынбасары.
Адам құқын сақтау және қамтамасыз ету саласындағы әкімшілік құқықтардың ерекшелігін, осы істі орындаудағы әкімшіліктердің (атқарушы және жергілікті өзін-өзі басқару) ролін атап өте келіп М.Көпеев бұл талқылаулар осы саладағы қолданыстағы құқықтарды жетілдіруге бағытталған сындарлы ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
Талқылау барысында сөз алған Конституциялық Кеңестің төрағасы И.Рогов Қазақстанда әділет әкімшілігін қалыптастырудың маңыздылығын атап өте келіп, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы және Әкімшілік іс жүргізу кодекстерінің жобаларын әзірлеу және қарау мәселелері бойынша пікірсайыстың маңыздылығын, олардың Құқықтық саясат тұжырымдамасы мен Мемлекет басшысы Жолдауында белгіленген құқық қорғау жүйесін жетілдіру бағыттарына сәйкестігін атап өтті.
Қазақстандағы құқықтық саясатты ізгілендірудегі мемлекеттік институт ретінде әділет әкімшілігінің роліне тоқтала келіп Заңнама және құқықтық саясат комитетінің хатшысы С.Ақылбай «Әкімшілік іс-жүргізу кодексін қабылдау әкімшілік-іс жүргізу құқықтары дамуының шыңы» деп атады.
Әкімшілік заңнаманы дамыту саласындағы алда тұрған міндеттерді ескере отырып депутат Әкімшілік іс жүргізу, Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстері жобаларының, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік іс жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралды» заңның ережелері бойынша тұжырымдамалық тұрғысындағы пікірсайыстар бойынша ойларымен бөлісті.
С.Ақылбайдың пікірі бойынша, «пікірсайыс барысында әкімшілік-іс жүргізу заңнамасын айқындау аса маңызды, ол Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында да аталып өтілген болатын».
Тұжырымдаманың ережелеріне сәйкес, алдағы уақытта қолданылып жүрген әкімшілік соттарының негізінде әділет әкімшілігі жүйесі жасалатындықтан, жалпы заңдылық аясындағы соттардың ішкі бөлінісінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді беру жоспарланып отырғанда әкімшілік-іс жүргізу заңнамасының негізі әкімшілік даулары бойынша істерді қарастыратын әділет әкімшілігі болуға тиіс,-деді депутат.
Конференцияда ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығының басшысы А.Кельчевский, Бремен (Германия) университетінің профессоры Р.Книпер, Армения Республикасының Әкімшілік сотының төрағасы Т.Мукучян, Грузия Жоғарғы сотының әкімшілік істері палатасының судьясы Н.Схиртладзе әкімшілік іс жүргізу өндірісінің қағидалары, әкімшілік соттарын құру және оның қызметі туралы ойларымен бөлісті. Еліміздің Жоғарғы сотының судьясы Н.Мамонтов, Воронеж мемлекеттік университетінің әкімшілік құқығы кафедрасының профессоры Ю.Старилов, Қазақстан Республикасының адам құқы жөніндегі уәкілі А.Шәкіров, Макс Планк атындағы (Германия) салыстырмалы жария құқық және халықаралық құқық институтының ғылыми қызметкері М.Хартвиг және басқалар ӘІЖК-нің жекелеген ережелеріне назар аударды.