Сенатта Мұхамбет Көпеевтің қатысуымен діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы заң жобаларының таныстырылымы болды

деп хабарлайды баспасөз қызметі. Шараға Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Ақан Бижановтың төрағалық етті.
Депутаттар алдында Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шариф сөз сөйледі.
Осы саладағы заңнаманы жетілдіру қажеттігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 26 шілдедегі Жарлығымен бекітілген Азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасында белгіленгенін айта келіп, Қ.Лама Шариф талқыланып отырған жобаларға жан-жақты тоқталды.
Таныстырылым барысында Дін істері агенттігінің төрағасы діни бірлестіктердің қызметі саласын анық регламенттеу, діни қатынастар саласында заңнама нормаларын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілікті белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жетілдіру саласында мемлекеттік органдардың жүйелі қызметін ұйымдастыруға қатысты депутаттардың сауалдарына жауап берді.