Сенатта «Өңір» депутаттық тобының биылғы жылғы алғашқы отырысы болды

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатында «Өңір» депутаттық тобының биылғы жылғы алғашқы отырысы болды, онда бірлестіктің бұдан былайғы қызметіне қатысты ұйымдастыру мәселелері қаралды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Еске сала кетейік, бұл бірлестіктің Сенатта құрылғанына жылдан асты, оның қызметі жоғары өкілді органның жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.Депутаттық топтың отырысында оның жұмысы туралы сенатор А.Башмаков қысқаша есеп берді. Жылдан астам уақыт бұрын оның төрағасы болып сайланған депутат өз өкілеттігін тоқтату туралы өтінішін айтты. «Менің өтінішім қабаттасқан және белсенді қоғамдық қызметіме байланысты. Алайда біздің топтың мүшесі болып қала беремін және оның кез-келген тапсырмасы мен міндеттерін орындауға әзірмін», - деді А.Башмаков.Бірлестік құрамында жаңадан сайланған Сенат депутаттары ? Сәрсенбай Еңсегенов, Сергей Плотников, Михаил Бортник, Александр Савченко, Ерболат Мұқаев, Қайсар Омаров, Хұсайын Валиев, Қожахмет Баймаханов, Нұрлан Сүлейменов қабылданды. «Өңір» депутаттық тобының басшысы болып Ермек Жұмабаев, орынбасары болып Қуаныш Айтаханов сайланды.Е.Жұмабаевтың пікірінше, жоғары заң шығару органы мен жергілікті өкілді орган арасындағы тікелей және кері байланысты қалыптастыру құрылымның негізгі міндеті болып табылады.«Жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарына әдістемелік және тәсілдік көмек көрсетудегі өзара сындарлы іс-қимылдағы табысты тәжірибелер жалғаса беретін болады»,- деді депутаттық тобының жаңадан сайланған төрағасы.
Соңғы жаңалықтар