Сенатта орман және аңшылық шаруашылығы саласын дамытуды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

барысында орман және аңшылық шаруашылығы саласын дамытуды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
Сенат комитетінің төрағасы Болат Жылқышиев кездесуге қатысушылардың назарын осы саланы реттейтін заңнамаға аударды.
Депутат атап өткендей, қазіргі кезде өсімдіктер әлемін қорғау және пайдалануды реттеу мәселелері мемлекеттік орман қорының жері мен еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтары үшін әзірленген болатын.
Б.Жылқышиевтің айтуынша, орманнан тыс өсімдіктер әлемін қорғау және пайдалану мәселелері экологиялық, жер, су, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, теміржол көлігі мен автокөлік жолдары, шаруа (фермер) қожалықтары туралы заңнамамен реттеледі.
Басқосуда Сенат депутаттары Қ.Айтаханов, Е.Нығматуллин, С.Ескендіров және басқа да кездесуге қатысушылар өз пікірлерін ортаға салды.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Е.Нысанбаев Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағындағы төтенше жағдайдың зардаптарын жою және өздерінің жеңіл моторлы авиация паркі үшін қосымша қаржы бөлуге қатысты мәселелерге тоқталды.
Кездесулер аясында депутаттар Астананың жасыл белдеуі аумағын аралап көрді.
Желден қорғау және қолайлы табиғи ахуал қалыптастыру мақсатында елорда төңірегінде жасыл белдеу жасау туралы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 1997 жылдан бері жұмыстар жүргізіліп келеді.