Сенатта парламентаризмннің дамуы туралы конференция өтеді

АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Ертең, 19 сәуірде Сенат «Қазіргі заманғы парламентаризм: қалыптасуы, дамуы және заң шығару процесінде билік тармақтары арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру» тақырыбы бойынша халықаралық конференция өткізуді жоспарлап отыр. Шара Парламенттің өкілеттіктерін күшейту жөніндегі Президенттің «Қазақстан-2050» Стратегиясында жария етілген саясатты ілгерілету аясында өтетін болады. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Конференцияда парламентаризмді дамытуға, заң шығару қызметінің сапасын арттыру, сондай-ақ заң шығару үдерістеріндегі билік тармақтары арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталған мәселелер талқыланатын болады.

Шараға ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентшілері және Достастықтың Парламентаралық Ассамблеясының делегациялары, сондай-ақ, халықаралық сарапшылар қатысады деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар