Сенатта салық саясатын жетілдіру мәселесі талқыланды
АСТАНА. KAZINFORM – Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП-ның өкілдерімен кездесті. Онда салық саясатының экономикадағы жекелеген салаларға қатысты проблемалық мәселелер, сондай-ақ заңнаманы жетілдіру жөніндегі бірлескен ұсыныстар талқыға түсті.
Кездесуге қатысушылар маңызды мәселелерді көтерді, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушыларға пайдалы қазбаларды өндіру салығын төлеуден роялти жүйесіне ерікті түрде көшу құқығын беру мүмкіндігі талқыланды. Сондай-ақ салық төлеушілердің тәуекел деңгейін бағалау шарттарын қайта қарау қажеттігі де атап өтілді. Қазақстанда металл бұйымдарын өндірудің кенже қалуы да талқыға салынды, өйткені осы материалды пайдаланатын машина жасау кәсіпорындарына өз өнімдерін өндіруге қиындықтар туғызады.
Сенат депутаттары бизнеске де, мемлекетке де тиімді болатын теңестірілген шешімдерді табу үшін ашық талқылауды жалғастырудың маңыздылығын тілге тиек етті.
Бұл мәселелер Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында алдағы «Салық саясатының және салықтық әкімшіліктендіруді жетілдірудің тұжырымдамалық мәселелері» тақырыбындағы дөңгелек үстелге дайындық аясында талқыланды.