Сенатта салық салу туралы Қазақстан-Әзербайжан конвенциясына түзетулер талқыланды
Хаттамамен «Қазақстан», «Әзербайжан» деген терминдерге өзгерістер енгізілді, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларға Конвенция қолданылатын Қазақстан және Әзербайжан салықтарының атаулары нақтыланды. Жаңа мәтінде уағдаласушы мемлекеттерде резиденттікті айқындауды және тұрақты мекеме құру тәртібін реттейтін баптардың ережелері нақтыланды.
Салық қызметтерінің арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және ЭЫДҰ-ның модельдік конвенциясына сәйкес келтіру мақсатында «Қосарланған салық салуды жою» және «Ақпарат алмасу» деген баптарға түзетулер енгізілді. «Жеңілдіктерді шектеу» деген жаңа бап көзделуде, ол салықтық жалтарулар және Конвенцияның ережелерін теріс пайдаланулар анықталған кезде ішкі заңнаманы қолдануға мүмкіндік береді.
Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.