Сенатта заң жобасы талқыланды
АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат. Бүгін Сенаттың Экономикалық және өңірлік саясат комитетінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл заң жобасы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы белгілеген тапсырмаларына сәйкес әзірленген Жол картасында қарастырылған шараларды жүзеге асыруға бағытталған.
Заң жобасының міндеті іскерлік белсенділікті арттыру мен дағдарыстан кейінгі орнықты даму үшін жағдай әзірлеу арқылы қосымша жұмыс орындарын ашып, халықты еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету болып табылады.Заң жобасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның 1 бабындағы 20-2) тармақшасында қарастырылған «отандық тауар өндіруші» ұғымын Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 34 және 35 баптарына сәйкестендіруді қарастырады.Сондай-ақ заң жобасымен конкурс түріндегі мемлекеттік сатып алуды орындаудың ерекше тәртібін қолдану арқылы республика Үкіметі белгілеген дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру үшін тауар, жұмыс пен қызметті сатып алуды қарастыратын 41 баптағы 3 тармақ 9) тармақшамен толықтырылатын болды. Оған қоса заң жобасындағы 3) тармақшаға сәйкес 41 баптағы 3 тармақтың 9) тармақшасының ережесі 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін күшінде болады.
Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.