Сенаттың алдағы отырысының күн тәртібі бекітілді

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Сенат спикері Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Бюросының отырысы болды. Бұл туралы палатаның баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Бюрода Парламент Мәжілісі мақұлдаған Қазақстан мен Беларусьтің дипломатиялық өкілдіктерді орналастыру үшін жер учаскелерін өзара беру туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасы Сенаттың тұрақты комитеттері мен Аппаратқа берілді. Заң жобасы бойынша Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті бас комитет болып белгіленді.

Бұдан бөлек, Бюро алдағы 30 мамырда болатын Сенаттың кезекті отырысының күн тәртібін талқылады. Отырыста Қазақстан мен Беларусьтің дипломатиялық өкілдіктерді орналастыру үшін жер учаскелерін өзара беру туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасын қарау жоспарланды.

Одан басқа, Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және еліміздің кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда қаралады. Сондай-ақ сот-сараптама қызметі, жергілікті өзін-өзі басқару, мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелерін қамтыған заң жобаларын бірінші оқылымда қарау жоспарланды. Сенаторлар Кеден одағында тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда қарайтын болады.

Соңғы жаңалықтар