Сенаттың бюро отырысында Парламент Мәжілісі мақұлдаған заң жобаларын палата комитеттері арасында бөлу туралы мәселе қаралды

АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат - Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен өткен Сенаттың бюро отырысында Парламент Мәжілісі мақұлдаған заң жобаларын палата комитеттері арасында бөлу туралы мәселе қаралды,

Сенаттың бюро отырысында Парламент Мәжілісі мақұлдаған заң жобаларын палата комитеттері арасында бөлу туралы мәселе қаралды
деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдардың құқықтық жағдайы мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары Экономикалық және өңірлік саясат комитеті мен Қаржы және бюджет комитетіне зерделеуге берілді.Аграрлық мәселелер және қоршаған ортаны қорғау комитетіне «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне экологиялық қауіпті технологияларды, техника мен жабдықты әкелуді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары берілді.Бюро отырысында палатаның мамырдың 13-де болатын кезекті жалпы отырысының күн тәртібін қалыптастыру жөніндегі тұрақты комитеттердің ұсыныстары да қаралды.Сондай-ақ «Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімге Түзетуді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары жалпы отырыста талқылауға ұсынылатын болды.