Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Аустрияның Федералды Парламенті Ұлттық кеңесінің депутаты Райнхольд Лопаткамен кездесті

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - Кеше Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары да Аустрияның Федералды Парламенті Ұлттық кеңесінің депутаты Райнхольд Лопаткамен кездесті.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары Аустрияның Федералды Парламенті Ұлттық кеңесінің депутаты Райнхольд Лопаткамен кездесті

Кездесу барысында Қазақстан мен Аустрияның екіжақты қатынастарын, оның ішінде өзара парламентаралық деңгейдегі іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Р.Ахметов айтқандай, «Қазақстан мен Аустрияны сындарлы үнқатысу мен өзара сенім  қағидаларына негізделген қатынастар байланыстырады».

«Парламентаралық байланыстарды екіжақты қатынастардың маңызды бөлігі» ретінде атай келіп, депутат «қазақстандық парламентшілер екіжақты ынтымақтастықтың құқықтық негізін құруды басым міндет ретінде қарастырады», деді.

Р.Ахметов сонымен бірге республикалық бюджетті қалыптастыру және жоспарлау жүйесі, экономиканы әртараптандыру, аймақтық даму, агроөнеркәсіп кешенін нығайтуды мемлекеттік қолдау бағдарламаларының бағыттары туралы аустриялық әріптесін хабардар етті.

Р.Лопатканың айтуынша, «Аустрия Қазақстан секілді табысты елмен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделі, ал екі мемлекеттің Парламенттері оған жан-жақты ықпал етуі керек».

Кездесуге депутаттар Е.Мұқаев және Ю.Цхай қатысты.