Сенаттың кезекті отырысында бірқатар заң жобасы қаралмақ

АСТАНА. 20 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алдағы сәрсенбіде болатын ҚР Парламенті Сенаттың кезекті отырысында бірқатар заң жобасы қаралмақ.

Сенаттың кезекті отырысында бірқатар заң жобасы қаралмақ

Сенат баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыс барысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің қызмет шарттары туралы келісімді және 2009 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті қызметінің шарттары туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы», «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым), «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық-атқару жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым), «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», (бірінші оқылым), «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында қор нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бірінші оқылым), «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жобалық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (екінші оқылым) Қазақстан Республикасы Заңдарының жобасын қарау көзделуде.