Сенаттың вице-спикері А. Бейсенбаев Атырау облысының ардагерлерімен кездесті

Сенат төрағасының орынбасары жүздесуде «Қазақстан-2050» Стратегиясында» Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыруда Парламентте атқарылып жатқан жұмыстар туралы жан-жақты әңгімеледі. Сондай-ақ басқосуда әлеуметтік-экономикалық жаңғырту және индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етудегі депутаттық корпустың қызметі туралы айтылды. «Парламент біздің ардагерлер мен аға ұрпақ өкілдерін әлеуметтік қорғауды күшейтетін заңнамаларды жетілдіруде ұлан-ғайыр жұмыстар жүргізіп келеді», - деді Төраға орынбасары.
Сонымен бірге А.Бейсенбаев кездесуге келген ақсақалдар арасындағы 94 жастағы соғыс ардагеріне ұзақ ғұмыр тіледі және «Үлкенге - құрмет, кішіге ізет көрсету біздің еліміздегі қастерлі дәстүрлердің бірі. Осы Жеңіске жеткізген Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне шексіз алғыс айтамыз. Біздің ардагерлердің жанқиярлық ерлігі мен еңбегінің арқасында бейбіт өмір кешіп жатырмыз. Тәуелсіздік алған жылдардан бері мемлекет тарапынан ардагерлердің әлеуметтік және тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін барлық мүмкіндіктер жасалып келеді. Бұл маңызды іс бұдан былай да жалғаса беретін болады», - деп атап өтті.