Сенаттың вице-спикері М. Көпеев «Жол картасы» және «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламаларының ОҚО-да іске асырылу барысымен танысуда
КЕНТ. Тамыздың 15-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Мұхамбет Көпеев Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр.
Сенбі күні ол Шымкентте барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарымен кездесті және олармен «Жол картасы» және «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламаларының іске асырылу мәселелерін талқылады. Одан кейін ол Шымкентте «Жол картасы» бағдарламасы бойынша салынып жатқан нысандарда - №24 мектепте, амбулаториялық хирургия орталығында болды, сондай-ақ төселіп жатқан жаңа автожол жұмыстарының барысымен танысты.