Сенаттың Заңнама комитетінде үш заң жобасы қаралды

АСТАНА. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат. Бүгін Сенаттың Заңнама және құқықтық мәселелер комитетінде «Біріккен Ұлттар Ұйымының Жол жүрісі туралы конвенциясын ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды,
None
None

деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметінен.

Женевада 1949 жылғы 19 қыркүйекте Жол жүрісі туралы конвенция және жол белгілері мен сигналдары туралы хаттама қабылданып, 1968 жылғы қарашада Венада Жол жүрісі туралы конвенцияның жаңа мәтініне қол қойылған болатын. Бұл Конвенцияда оған қатысушылардың  міндеттемелері анық айқындалған. Уағдаласушы тараптар өз аумағында қолданылатын жол жүрісі қағидаларын өз мәні бойынша Конвенция ережелеріне сәйкес келуіне шаралар қабылдайды, сонымен бірге Конвенцияның талаптарына сай келетін автомобильдер мен тіркемелерді өз аумақтарында халықаралық жол жүруге жібереді және Конвенцияның ережелеріне сәйкес берілген тіркеу туралы куәліктер мен жүргізуші куәліктерін мойындайды.

Уағдаласушы тараптар жол жүрісінің бір үлгідегі қағидалары халықаралық жол жүрісін жеңілдететінін және жолдардағы қауіпсіздікті арттыратынын мойындайды.

Комитет отырысында «Біріккен Ұлттар Ұйымының Жол белгілері мен сигналдары туралы конвенциясын ратификациялау туралы» заң жобасы да қаралды. Осы Конвенцияның мақсаты - халықаралық жол жүрісін жеңілдету және жол белгілерінің, сигналдары мен жол таңбаларының біркелкі жүйесін қабылдау арқылы жолдардағы қауіпсіздікті арттыру. Уағдаласушы Тараптар осы жүйені мейлінше қысқа мерзімде іске қосуға  міндеттенеді.

Сонымен қатар, Конвенцияда Уағдаласушы Тараптардың жүйеге сәйкес келмейтін барлық сигналдық белгілерді, белгілеулерді, құрылғылар мен таңбаларды өзгертудің ең көп мерзімі - Конвенция өз аумағында күшіне енген күннен бастап он бес жыл болып белгіленеді.

Комитет мүшелері «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да қарады.

Бұл заң жобасы 2009-2010 жылдарда экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі Үкіметтің, Ұлттық Банкінің, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттіктің бірлескен іс-қимыл Жоспарын орындау үшін әзірленген болатын.

Комитет отырысында қаралған үш заң жобасы да палата қарауына ұсынылатын болды.

Соңғы жаңалықтар