Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды

7 қазан күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық ахуал қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

қазгидромет
Фото: pixabay.com

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, сенбіде Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер және Астанада ауаның ластануының қолайсыз метео жағдайы күтіледі.

Өзге шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.