Сенбі елімізде жаңбыр, бұршақ жауады, жел күшейеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Синоптиктердің болжауынша 1 маусымда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, солтүстік-шығыста катты нөсер жауады, тек елдің шығысында күн райы ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап,

Сенбі елімізде жаңбыр, бұршақ жауады, жел күшейеді

Кей өңірлерде найзағай жарқылдап, жел күшейеді, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.
Солтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, Солтүстік Қазақстан кей жерлерінде дауыл күтіледі.
Күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерлерінде күндіз найзағай күтіледі.
Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман күтіледі.
Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында күндіз өте қатты ыстық болады.
Ақтөбе, Қостанай облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.