Сенбі күні 4 қалада ауа ластанады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 5 желтоқсан күні Қазақстанның 4 қаласында қолайсыз метеорологиялық ахуал күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенбі күні 4 қалада ауа ластанады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақтөбе, Тараз, Шымкент және Өскемен қалаларында ауа ластануының жағымсыз метеожағдайы қалыптасады.

Қалған шаһарларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.