Сенбі күні Ақтау мен Шымкентте ауа сапасы нашарлайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі, 9 6 маусым күні қалыптасатын метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның 2 қаласында ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ақтау мен Шымкентте ауа сапасы нашарлайды.

Синоптиктердің мәліметтері бойынша, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды,Костанай, Қызылорда, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Өскемен қалаларында  жайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар