Сенбі күні дауыл салдарынан Нью-Йорк әуежайлары жұмысын тоқтатады

АСТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - Аймаққа жақындап келе жатқан «Айрин» дауылына байланысты Ньй-Йоркта қызмет көрсететін барлық негізгі әуежайлар жергілікті уақыт бойынша сенбі күні түсте толықтай жабылады,

Сенбі күні дауыл салдарынан Нью-Йорк әуежайлары жұмысын тоқтатады

деп хабарлайды қалалық көлік департаментіне сілтеме жасай отырып РИА жаңалықтар агенттігі.

Сондай-ақ сенбі күні түсте жерасты метро қызметін қоса алғанда қалалық көлік қозғалысы да толықтай шектеледі.

Метрологтардың мәліметінше, екінші деңгейлі қауіпті «Айрин» дауылы Куба, Гаита аумағы бойынша соғып өтіп, Багамаға қауіп төндіруде, сондай-ақ дауыл АҚШ-тың Шығыс жағалауын түгелдей қамтиды.

«Айрин» дауылы АҚШ жағалауларына сенбі күні таңертең жақындап қалған. Дауыл бірінші Солүстік Каролина штатына, ал жексенбі күні АҚШ астанасына жетеді деп болжануда.