Сенбі күні еліміздің 13 қаласында ауа сапасы төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбідегі метеорологиялық жағдай Астана, Алматы қалаларының атмосферасына жағымсыз қалдықтардың жиналуына ықпал етеді.

 Сенбі күні еліміздің 13 қаласында ауа сапасы төмендеді

Сонымен бірге еліміздегі 11 ірі қалаға да әсер етеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Казгидрометке» сілтеме жасап.

Синоптиктердің айтуынша, жағымсыз метеожағдай Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Балқаш, Теміртау, Жаңаөзен, Қостанай, Көкшетау, Петропавл, Өскемен және Шымкент қалаларында байқалады.