Сенбі күні еліміздің солтүстігі мен шығысында көктайғақ болып, жел күшейеді

Республиканың қалған аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады, күндіз басым бөлігінде жел 17-22 м/с дейін күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады.