Сенбі күні Қазақстанда күн ашық болады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады деп күтілуде. Тек батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай соғады, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлады Қазгидромет.

Сенбі күні Қазақстанда күн ашық болады - Қазгидромет

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, таңертең және күндіз Жамбыл, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аумағында жел 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал. Атырау, күндіз Қызылорда облыстарындағы кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл болады деп күтілуде. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең жер-жерде тұман болуы мүмкін.

Күндіз Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күн ыстық болуы ықтимал.

Республиканың оңтүстігінде, батыстың кей жерлерінде, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста және орталықта өте жоғары өрт қаупі сақталады.