Сенбі күні Қазақстаннның батысында ғана күн ашық болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай ойнауы, бұршақ жауып, тұман түсуі, желдің ұйтқуы күтілуде. Республиканың батысында ғана күн ашық болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Ақмола облысында кей жерлерде бұршақ жауып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Жамбыл, Павлодар облыстарында кей жерлерде бұршақ жауып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, күндіз Қызылорда облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Қостанай, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, Қостанай облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы күтіледі.