Сенбі күні Қазақстанның 12 қаласында ауа сапасы төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 қаңтардағы метеорологиялық жағдайға сәйкес, Қазақстанның 12 қаласында атмосфераның ластануы байқалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Астана, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Тараз, Орал, Өскемен және Шымкент қалаларында байқалады.
Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар (тыныш, баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі. Бұл жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлап кетеді.