Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 30 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады. Оңтүстікте қатты жауын-шашын күтіледі. Кей аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Жел күшейеді. Оңтүстікте найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей аумақтарында қатты жел соғып, қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аймақтарында тұман түседі, жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, найзағай, түнде жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жуықтайды. Түркістан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.