Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауынды болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады, жел күшейіп, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде. Республиканың батысында ғана күн ашық болмақ, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
None
None

Алматы облысының кей аудандарында жел 17-22 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді, Жамбыл облысының кей аудандарында тұман түседі деп күтілуде. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Соңғы жаңалықтар